«Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел

DSCN3353«Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел

Қазақтың спорт және туризм академиясы, Туризм факультеті 2017 жылдың 14 сәуірінде «Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктері мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қазақстанның құрметті туризм қызметкері Оразымбетова Бақыт Камаловна, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Малыбеков Амиржан Байниетұлы, «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылым бойынша орынбасары Мұқаметжанов Манас Дакенұлы, «Іле алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Ақаев Азамат Мұратұлы, «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  туризм бойынша маманы Рахымов Ринат, Қазақстан Туристік Қауымдастығы өкілі Степанова Елена Андреевна, «Акжол травел» туристік компаниясының директоры Мотышева Анара Бакыткановна және «СТВ» және «Алматы» телеарналарының журналистері, сонымен қатар, туризм факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.

Аталған іс – шараны Академияға қарасты Туризм ғылыми – зерттеу институтының  директоры Арыстанов Болат Ауданбекович ашты. Өз кезегінде сөз алған Қазақстанның құрметті туризм қызметкері Оразымбетова Бақыт Камаловна студенттерге ұлттық парктердің ерекшелігі мен маңызын атап өтті, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Малыбеков Амиржан Байниетұлы өзі басқарып отырған парктің қазіргі жай-күйімен, парктегі экотуризмнің дамуы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығы директорының ғылым бойынша орынбасары Мұқаметжанов Манас Дакенұлы «Алматы» мемлекеттік табиғи қорығы туралы маңызды мәліметтер беріп, қорықтағы сирек кездесетін жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы, экосоқпақтардың қазіргі жайын айтып берді. «Іле алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Ақаев Азамат Мұратұлы ұлттық парктегі жасалып жатқан жұмыстармен қатар қазіргі уақытта Визит – орталық жұмыс жасайтынын, орталықпен  міндетті түрде студенттердің танысуы керектігін айтты. Туризм факультетінің деканы Имангулова Татьяна Васильевна Академия үшін ұлттық парктермен әріптестік таныту өте маңызды болып табылатындығын, сондықтан да ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен әріптестік орнату, туризм мен ғылымды бірлесе дамыту үлкен жетістіктерге алып келетіндігін атап өтті. Бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырған «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы Ушкулакова Гулнара Мукамеденовнаға студенттер мен докторанттар, магистранттар алғыс білдіріп, өте қызықты болғанын, көптеген мәліметтер алғандығын жеткізді.

Добавить комментарий