«Отандық туризмді дамытудағы музейлердің ролі» атты Республикалық форум

«Отандық туризмді  дамытудағы  музейлердің  ролі» атты Республикалық форум

14 қыркүйек 2017 жылы Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігі  мен  «Алматы қаласы музейлер бірлестігі»  ұйымдастырған   «Отандық туризмді  дамытудағы  музейлердің  ролі»   атты Республикалық форум өтті.  Форумға Қазақстан Туристік  Ассосиациясының  директоры   Шайкенова Рашида  Рашидқызы, Ә.Қастеев атындағы  Мемлекеттік өнер музейінің директоры Шалабаева Гүлмира  Кенжеболатқызы және т.б.  туризм мен музей саласының  білікті мамандары қатысты.   Аталған форумға  Қазақтың спорт және туризм  академиясының  оқытушылары,  Қазақстан Республикасының құрметті туризм қызметкері Оразымбетова Бахыт Камаловна, оқытушы Ушкулакова Гулнара Мукамеденқызы, оқытушы Губаренко Анастасия Вчяславовна қатысып қайтты.  Форумда жалпы Қазақстандағы музейлердің  жай-күйі мен туризмді дамытудағы ролі туралы айтылды.  Қазақстанның  түпкір-түпкірінен  келген  музей саласының мамандары Қазақстанның ішкі және сыртқы туризм ісіндегі  музейлердің ролін  арттыру жолдары мен отандық және  шетелдік  тәжірибелерді  салыстыра  отырып өз ойларын айтты. Сонымен қатар, музейлердегі қордаланған мәселелер мен дамыту үшін қажет  өз ұсыныстарын  өз тараптарынан  басқарушы билікке жеткізді. Отандық туризмді дамытуда ерекше орын алатын музейлеріміз Қазақстанды  әлемге әйгілеу құралы. Сондықтан да саналы ұрпақтың  санасына музейлердің құндылығын сіңіру біздің міндетіміз.

 

Қазақтың спорт және туризм  академиясы, туризм факультетінің

аға оқытушысы Ушкулакова Гулнара Мукамеденқызы

Добавить комментарий