БІЗ БАҒЫНДЫРАТЫН ШЫҢДАР ӘЛІ АЛДА

KEsBYP9804Y2015 жылы Қазақ Спорт және Туризм Академиясы Туризм факультетінің жанында «Тау Намыс» альпинизм секциясы ұйымдастырылды. «Тау Намыс»  секциясы 2017 жылы жаз айларындағы барлық жарыстарға қатысты. Аталмыш клубтың мүшесі, туризм факультетінің  4 курс студенті Жуманазаров Азамат Алматы каласының біріншілігіне қатысып ІІІ жүлделі орынға, Қазақстан Республикасының Чемпионатында үздік үштікке ілініп, Әлем біріншілігіне жолдама алып (Евро-Азия) әлемдік додада өздерінің күштерін  сынады.

2017 жылы Қазақ Спорт және Туризм Академиясы өзінің «Тау Намыс» альпинистік секциясын Мраморная стена шыңына жіберді. Экспедицияны ұйымдастыру, көлікпен және құрал жабдықпен қамтамассыз ету, 3100 метрдегі шың астындағы «Слияние» альпенистік базасындағы тамақтану мен жатын орынды «Q-14 travel company» өз мойнына алды.

Мраморная стена – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігінде,  Теріскей Алатаудың шығыс сілеміндегі мұздық.  Сарыжаз  жотасының солтүстік беткейі мен Меридиан жотасының батыс беткейінде,  Текес алабындағы Байынқолдың бастауында орналасқан. Мұздықты  1902  жылы  зерттеуші Г. Мерхбахер ашты.

Мраморная стена биіктігі 6400 метрді құрайды. Мраморная стена төңірегі зерттеушілер мен саяхатшыларды көптен бері қызықтырып келеді. Хан Тәңірі шыңы Байынқол өзенінің жоғарғы тұсында орналасқан деген болжам Тянь-Шанды зерттеушілерді Байынқол циркіне қарай жетелегенге ұқсайды. Қазақстандық альпинистер Б. Студениннің жетекшілігіндегі Мраморная стенаға алғаш рет 1966 жылы қыста шықты.

LBjsvRvzIGoҚазіргі уақытта Мраморная стена мейлінше танымал өңір. Бұл шыңға шығатын күрделілігі 4А дан 6А-ға дейінгі түрлі маршруттар қалыптасқан.

Мраморная стенаға шығу үшін ең қолайлы уақыт шілденің соңы мен тамыздың басы. Бұл кезде жауын-шашын мейлінше аз (Тянь-Шань өлшемі тұрғысынан қарағанда), ауа температурасы қолайлы болады.

Бұл экспедиция 30 шілде мен 17 тамыз аралығында ұйымдастырылды. Мраморный стена шыңын бағындыру 13 тамызға дәл келді.

«Тау Намыс» альпинистик сексиясының мүшесі Жуманазаров Азамат спорттық альпенизмнің ІІІ разрядын орындады сонымен қатар Азаматқа «Қазақстан Альпинисті» төс белгісі берілді.

Ендігі өзіміздің Хан Тәңірі шыңын және басқада халықаралық деңгейдегі щыңдарды бағындыру біздің мақсатымыз.

Н.С. Еспенбетов, магистр аға оқытушы,

 Жұманазаров А.Е.Туризм факультетінің 4 курс студенті

Қазақ Спорт және Туризм Академиясы, Алматы қ.

Добавить комментарий