Студенттеріміздің мәдени-рухани дамуы театрдан бастау алады

IMG_2401-02-10-17-01-2230 қыркүйек 2017 жылы туризм факультетінің 1 курс  студенттері Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына спектакль тамашалуға барды.

Дәстүр бойынша, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің 84-ші театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашты. Режиссер Андреа Чиньи (Италия) мен дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жаңа қойылымындағы операның тұсаукесері 2014 жылдың маусым айында өтті, ал 2014 жылдың қазан айында бұл операны Парижде «Шанзелизе» театрының сахнасында көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.   Бас партияларды орындағандар: Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев, жетекші опера солисті Нұржан Бажекенов. Ажар партиясын Астана Операның солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова орындайды. КазАСТ студенттері екі бөлімнен тұратын спектакльді тамашалап қана қоймай, үзіліс кезінде театр қызметкерлерінен осы спектакль туралы мәліметтер естіп, басты рөлде ойнаған Талғат Күзембаевтан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.

IMG-20171002-WA0058Жаңа маусымда көрермендерді П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінің премьерасы күтеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығын мерекелеу аясында классикалық өнер Фестивалі өтеді, онда балет кеші, Қазақстан композиторларының вокалды және аспапты музыкасының концерті, «Ұлы Дала аңызы» балеті және Ғ. Жұбанованың «Еңлік Кебек» операсының Премьерасы болады.

Алдағы уақытта студенттер театрдың басқа да спектакльдерін тамашалуға келетінін жеткізіп, осы спектакльге тегін билет ұсынған КазАСт басшылығына ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий