«Қазақстан Республикасында этномәдени туризмді дамытудың тенденциялары мен үрдістері» атты дөңгелек үстел

IMG-20180419-WA0010Қазақ спорт және туризм академиясы, Туризм факультеті 2018 жылдың 19 сәуірінде «Қазақстан Республикасында этномәдени туризмді дамытудың тенденциялары мен үрдістері» (Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктері мысалында) атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының туризм бойынша орынбасары Ахметов  Хамит Ағабекұлы, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Батанов Әділхан Ашкейұлы, «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Юсупов Кутлукжан және «СТВ» телеарнасының журналистері, сонымен қатар, туризм факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.

Аталған іс – шараны Туризм факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Имангулова Татьяна Васильевна ашып, студенттерге ұлттық парктердің ерекшелігі мен маңызын атап өтті, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының туризм бойынша орынбасары Ахметов  Хамит Ағабекұлы парктің қазіргі жай-күйімен, парктегі экотуризм мен этномәдени туризмнің дамуы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Батанов Әділхан Ашкейұлы парк туралы маңызды мәліметтер беріп, сирек кездесетін жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы, экосоқпақтардың қазіргі жайын айтып берді.

IMG-20180419-WA0006«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің бастығы Юсупов Кутлукжан ұлттық парктегі жасалып жатқан жұмыстармен қатар қазіргі уақытта Визит – орталық жұмыс жасайтынын, орталықпен  міндетті түрде студенттердің танысуы керектігін айтты. Туризм факультетінің деканы Имангулова Татьяна Васильевна Академия үшін ұлттық парктермен әріптестік таныту өте маңызды болып табылатындығын, сондықтан да ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен әріптестік орнату, туризм мен ғылымды бірлесе дамыту үлкен жетістіктерге алып келетіндігін атап өтті. Бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға студенттер мен докторанттар, магистранттар алғыс білдіріп, өте қызықты болғанын, көптеген мәліметтер алғандығын жеткізді.

 

 «Туризм» мамандығының 1 курс докторанты  

Ушкулакова Гулнара Мукамеденовна