БАКАЛАВРИАТ

5В090200 «Туризм»  мамандығы бойынша бакалавр    5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығы бойынша бакалавр

экономикалық саралаудың негізгі әдістерін және шешім қабылдауды, туристік бизнес саласында өзара іс-әрекет етуді, туристік нарықты қызмет істету, банктік, салықтық және т.б.  жүйелерді білуі керек.

Туризмнің әлеуметтік-экономикалық  саясатын жүзеге асыру үшін  мемлекеттің негізгі  қызметі мен ролін, туризмдегі нарықтық қарым-қатынастардың мәнін  білуі керек.

Туризм бакалаврларының кәсіби қызметі Қазақстанның туризм индустриясын тұрақтандыру жағдайында, туристік ұйымдарды басқару процесін  жетілдіруге бағытталған.

Еліміздің туристік мүмкіндіктерін және шетелдің қызмет көрсету нарығын оқыту, ағымдағы және болашақтағы жүйелерді оңтайландыру, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, туристік өнімнің сапасын  және қызмет көрсету әдістерін жоғарылату, туристік кәсіпорындар үшін  мамандар даярлау.

Аталған мамандықтың бітірушілері туризм саласындағы  кез-келген компанияның әкімшілік бөлімдерінде мансабын бастай алады.

талап етілетін мамандық, өйткені қонақжайлылық индустриясы – Қазақстан Республикасындағы ең  тез дамып келе жатқан және пайдасы өте жоғары сала болып табылады. Қонақ үй және мейрамхана  желілері  өсуде, қызметтерін сәтті жүргізетін кәсіби мамандарды талап ететін  жаңа ғимараттар ашылуда.

Аталған мамандықтың маманы келесідей қызметтер жасай алады: қонақ үй және  мейрамхана сервисінің қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен, бизнес жоспарлау және  бюджеттеу, қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының баға саясатын және маркетинг, жарнама қызметтерін анықтау, қызметкерлерді таңдау және басқару,   нарық саралауды жүргізу,   тасымалдаушылармен жұмысты ұйымдастыру.

Таңдалған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін жинау, оқу барысында алған білімі ме дағдыларын нығайту үшін тәжірибеден өту қарастырылған. Тәжірибе Қазақстан Республикасының  қонақ үй және мейрамхана индустриясының кәсіпорындарында  және шетелдерде өтеді.

«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының бітірушілері келесі кәсіпорындарда жұмыс жасай алады: қонақжайлылық индустриясында  менеджер және экономист, қонақ үйлердің, мейрамханалардың, бар, кафелердің директоры немесе директор орынбасары.

Жоғары оқу орнында оқу барысында студент осы мамандық бойынша істей білуі керек:

  • қызметті тұтынушыларға тиімді қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  •  ұйымдастыру-стратегиялық мәселелерді шешуге қатысу;
  • қонақ үйлерге, туристік және мейрамхана кешендеріне келушілерге жайлы жағдай  жасау;
  • көрсетілетін қызметтер туралы  тұтынушыларға кеңес беру;
  •  ұсынылған қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
  • тұтынушылардың  орналасуына бақылауды жүзеге асыру;
  • кәсіби қызметте күйзелу және келіспеушіліктерді басқару;
  • наразылықтарды  қарау оларды шешу  жолдарын қарастыру;
  • қызметкердің қонақ үй ғимараттарында және туристік, мейрамхана кешендерінде тазалықты және тәртіпті  сақтау, өндірістік тазалық сақтау  мен гигиена талаптарын  және  еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындау  жұмысына бақылау жүргізу;
  • заманауи байланыс және оргтехниканы пайдалану;
  • кәсіби қызметінде  жаңа ақпараттық технологияны пайдалану.