ТҮЛЕК

5В090200 «Туризм » және 5В091200 «Мейрамханаі ісі және мейманхана бизнесі»  мамандықтары бойынша бакалавр бітірушілер келесі міндеттерді орындауға дайын болуы қажет:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясындағы адам мен адамның, табиғат пен қоғамның ара-қатынасын  реттеуші  этикалық және  құқықтық негіздерін білу, оны кәсіби мәселелерді шешуде  қолдана алу;
  • қызметтерді тұтынушыларға жоғары деңгейде тиімді ұйымдастыра алу, ұйымдастырушылық-стратегиялық мәселелерді  шешуге қатысу;
  • қонақ үйлерге, туристік, мейрамханалық кешендерде  келушілерге  жайлы  жағдай  қалыптастыру, көрсетілетін қызметтер туралы тұтынушыларға  кеңес беру;
  • ұсынылатын қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру, тұтынушылардың орналасуын қадағалау;
  • кәсіби қызметінде  стресстер мен қақтығыстарды  басқара алу;
  • өзінің кәсіби қызметінде  ескертулерді қарастыру,  оларды  жоюға  іс-шаралар қабылдау;
  • қызметшінің жұмысын  бақылау, қонақ үйлер мен  туристік кешендердегі тазалық пен  тәртіпті қадағалау, еңбекті қорғау нормаларын, тәртібінің  және  санитариялық – гигиеналық өндіріс талаптарының орындалуын жүзеге асыру;
  • шетел тілінде қарым-қатынас жасай білу, экологиялық, құқықтық, ақпараттық,  коммуникативтік мәдениетті меңгеру;
  • ой-өрісі кең, өмірлік құбылыстарды түсінуге қабілетті, өз бетінше шындықты іздеу, сыни қарама-қайшы идеяларды қабылдауға қабілетті болуы;
  • кәсіптік жағдайдағы жүйелі іс-әрекеттерге, өзінің қызметіндегі талдауға, жобалауға, белгісіздік жағдайындағы өзіндік іс-әрекеттерге қабілетті болу;
  • орындалатын жұмысқа жауапкершілік танытуға, кәсіптік қызмет саласындағы мәселелерді дербес және тиімді шешуге дайын және қабілетті болу;
  • тәжірибелік қызметте әртүрлі ұйымдық-құқықтық түрдегі мекемелерде кәсіптік міндеттерді шешу бойынша қабілетті болуы, кәсіптік лексиканы меңгеру;
  • өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіби қызмет саласындағы компьютерлік техниканы қолдануға дайын болу;
  • әріптестермен әріптестік және өзара әрекетке дайын болу;
  • тұрақты кәсіби өсуге, жаңа білім алуға дайын болу;
  • өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі дамыту), өзін-өзі шығармашылық танытуға қабілетті болу;
  • менеджер жұмыс істейтін құрылымға нақты пайда әкелетін, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын,  әлеуметтік және коммерциялық бағытта мейрамханаларға тиімді қызмет көрсету бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • менеджер жұмыс істейтін құрылымға нақты пайда әкелетін, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын,  әлеуметтік және коммерциялық бағыттағы туристік-экскурсиялық және қонақ үйге қызмет көрсетуде  тиімді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • кәсіби саладағы кәсіпкерліктің және кәсіпкерлік қызметтің негіздерінің ерекшеліктерін білу;
  • салауатты өмір салты туралы ғылыми түсінікке ие болу, физикалық жетілдіру дағдылары мен қабілеттеріне ие болу;
  • туристік саланың ағымдағы жағдайын объективті бағалау, оның ішінде материалдық және кадрлық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сондай-ақ өз еліндегі және шетелдегі туристік нарықтың дамуын болжауды негіздеу;
  • туристік қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау;
  • өзінің кәсіби қызметінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін (және тағы бір еуропалық немесе азиялық), сонымен қатар, арнайы туристік – экскурсиялық терминдерді еркін қолдана алу;
  • туристік қызмет көрсету жүйесінде өндірістік, шаруашылық, ақпараттық – жарнамалық және басқа да қызметтерді ұйымдастыру;
  • отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында туристік кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін енгізу;
  • туристік саяхат қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

туристік кәсіпорынның қызметі тиімділігін арттыру мақсатында, инвестиция тарту, қызмет көрсету секторын кеңейту және т.б. үшін туристік нарықтың маркетингтік зерттеулер.