МАГИСТР ДӘРЕЖЕСІ

DSC_6495ҚазСТА-ның білім беру қызметі 2007 жылдың 27 маусымындағы № 319-III «Білім беру туралы» Заңның (21.07.2015ж. өзгертулер мен толықтыруларымен), ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы №499 қаулысымен Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерінің,  ҚР Үкіметінің 2012 ж. 23 тамызындағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде және Қазақ спорт және туризм академиясына 27.05.2010 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу құқығын беретін сериясы АБ № 0137383 мемлекеттік лицензиясының негізінде және 6М090200  «Туризм» бакалавр мамандығы бойынша лицензиясының негізінде жүзеге асырылады.

6М090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы міндеттері мен мақсаттарын тұжырымдау барысында түлектердің сапасына негізгі талап әлеуетті жұмыс берушілер мен МЖМБС талаптарымен сұранысқа ие болып табылатын құзыреттілік болып табылады. Бұдан бөлек, 6М090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының міндеттері мен мақсаттары стратегиялық әріптестердің талаптарына, жұмыс берушілерден, «Туризм» мамандығы бойынша қызмет жасайтын түлектерден алынған сауалнама нәтижелерінің талдауына, академия миссиясына, ҚазСТА-ның даму стратегиясы талаптарына сүйенген.

6М090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы аясында ғылыми, педагогикалық, басқарушылық кадрларды екі бағытта даярлау жүзеге асырылуда:

– оқу мерзімі 1 жылдан кем емес бейінді;

– оқу мерзімі 2 жыл ғылыми және педагогикалық.

Магистратурада оқу күндізгі оқу үлгісінде жүзеге асырылады.