МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

f-21

ҚазСТА-ның оқу кешені 2 корпустан тұрады. Жылжымайтын мүлік жөніндегі органмен берілген техникалық төлқұжатқа сәйкес Академия ғимараты мен құрылысының жалпы көлемі 29 696,1 ш.м. құрайды. Спорт залдары мен спорт құрылыстарының аумағы 5976,7м2, футбол алаңдарының аумағы 14 690 м2құрайды. Жыл сайын жаңа оқу жылы үшін аудиториялық қорды жөндеу және даярлау жұмыстары жүргізіледі.

IMG_0670

Академияда мыналар бар: 320 адамға арналған жатақхана, 60 отыратын орны бар дәмхана, 1 медициналық қызмет көрсету орны, 1 мәжіліс залы, 1 акт залы, 10 жабық спорт зал (2440 ш.м.); 2 ашық спорт кешені (1277,1 ш.м.); «Алаш» стадионындағы жаттыға залы (395,1 ш.м.); жаттығу залы (213,9 ш.м.); шаңғы стадионы (3500 ш.м.); стадион (10 940 ш.м.); гимнастикалық кешен, 25 метрлі жабық жүзу бассейні (400 ш.м.). Оқу аудиторияларының жалпы саны – 76, зертханалар – 1; 5 компьютер сыныбы (ЖОО құрылымдық бөлімшелерінде және оқу процесінде Интернетке қосылған 230 заманауи компьютер пайдаланылады).

f-15

f-12

DSC09249

Абай даңғылы 85/105 орналасқан, жалпы көлемі 9036,3 м2 №1 оқу корпусында білім алушылардың оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін академияда 10 дәріс залы, тәжірибелік және семинар сабақтарын жүргізуге арналған 44 аудитория бар, 5 компьютер залы, 3 оқу залы, оның ішінде, 1 электрондық оқу залы, интерактивтік тақта және проекторлармен жабдықталған 2 аудитория және 4 дәріс залы, сондай-ақ, аудио сүйемелдеуі бар 13 ноутбук және жылжымалы проектор бар. Компьютер залдары, оқу залдары, мультимедиялық және кафедралық зертханалардың және ондағы отыратын орындардың саны оқу процесінің және академия ПОҚ-ы, студенттер мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының сұраныстарына сәйкес келеді.

DSCF3865 DSCF3866 DSCF3860

Спорт және олимпиадалық даңқтың республикалық музейі

20140515_1313085В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша «Техника және туризмнің белсенді түрлерінің тактикасы», «Туристік-спорттық туризм түрлері», «Қонақ үй шаруашылығы», «Туристік бизнесті жаспарлау және ұйымдастыру», «Туризм инфрақұрылымы», «Саяхаттану» және ит.б. пәндерден тәжірибелік сабақтар жәгне жоспарлы тәжірибе өту үшін  туризм және сервис кафедрасының филиалдары арналған, яғни туризм факультетінің ҚазСТА өзіндік базасы:

 P1180287Басты корпуста 5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша 4 мамандандырылыған кабинет жабдықталған: – 309 – «Халықаралық туризм географиясы» кабинеті,  – 316 –  «Маркетинг және менеджмент» кабинеті; – 210 – «Мейрамханалық іс және қонақ үй бизнесі» кабинеті; – 320 – «Қазақстан және өлкетану географиясы» кабинеті, «Туризмдегі жаңа ақпараттық технология». Барлық кабинеттер компьютермен жабдықталған, құрал-саймандармен, жабдықтармен, көрнекілік және стенд материалдарымен, жабдықталған, олар  5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша оқу сабақтарын редитті технологияға сйкес өткізуге мүмкіндік береді.

IMG_4812

2014 жылы туризм факультетінің оқу процесі және Алматы облысы және Алматы қаласының жастары арасында туризмді насихаттау мақсатында ҚазСТА-да тау туризміндегі өрмелеу техникасы бойынша, жартасқа шығу, туристік көп сайыс, іздеу-құтқару жұмыстары техникасы бойынша Қазақстандағы ең үлкен оқу-жаттығу жартасқа шығу алаңы ашылды.

Жасанды бедері бар жартасқа шығу Қазақстан оқу мекемелеріндегі 5В090200  «Туризм» мамандығы бойынша ең үлкен құрылыс болды. Жартасқа шығу алаңы 366 м2 құрайды, бұл, халықаралық, республикалық, облыстық дәне қалалық жарыстарда «Қиындық», «Жылдамдық», «Боулдеринг» және «Туристік көп сайыс» секілді жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

DSC02358 P1160173 IMG_0729

DSC_0812

Туризм техникасы (барлық түрлері), спорттық барғдарлау және жартасқа шығу, слеттарына қатысу үшін факультет командасын жүйелік дайындық және туристік-спорттық сапарлар ұйымдастыру үшін ҚазСТА басшылығымен жаяу және тау санатты және санатты емес сапарларға арналған бива және арнайы туристік керек-жарақ жиынтығы (жеке және топтық) сатып алынды.

Туристік-спорттық жорықтарды ұйымдастыру, студенттердің жазықтықыты туристік-экскурсиялық тәжірибелерін өткізу, факультет командасының туризм техникасы (барлық түрлері) бойынша слеттер мен жарыстарға қатысуға жүйелі даярлық, спорттық барғдарлау және шыңға шығу, слеттарына қатысу үшін факультет командасын жүйелік дайындық және туристік-спорттық сапарлар ұйымдастыру үшін ҚазСТА басшылығымен жаяу және тау санатты және санатты емес сапарларға арналған бива және арнайы туристік керек-жарақ жиынтығы (жеке және топтық) сатып алынды.

P1060161

Туризм және сервис кафедрасы студенттер мен ПОҚ 2015 жылдың қаңтар айынан бастап жүзу құралдары: 2 рафт (10 орынға) және 3 қайық (6 орыннан әрқайсысы) сатып алынғаннан соң су туризмі бойынша жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. жүзу құралдарына сорғыштардың, құтқару жилеттері мен ескектердің толық жиынтығы бар.

P1050747Велотуризмді дамыту үшін тау велосипеді маркалы 18 велосипед сатып алынды, бұл 5В090200 «Туризм» мамандығының  студенттеріне Республика, Алматы облысы, Алматы қаласы аясындағы вело-марафондарға қатысуға мүмкіндік береді.

2012 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Бес-Қайнар ауылында туризмнің белсенді түрлерін дамыту үшін «Каймар» туристік-спортты базасы (1296,5 ш.м.) ашылды: 30 500 000 теңгені құрайтын спорттық зал және 23 329 000 теңгені құрайтын дем алыс үйі, сонымен қатар, 0,3 га жер телімі. Туристік-спорттық база Алматы қаласының әдемі жерінде орналасқан. База аумағындағы қонақ үйде бір бөлмелі 14 нөмір бар.

P1000738 IMG_1661 P1000746

DSC_0858

«Горельник» тау-туристік базасы «Медеу» шатқалынан жоғары, Кішіалматылық шатқал аумағындағы Талғар ауданында орналасқан. ҚазСТА-дан базаға дейінгі арақашықтық 24 км құрайды. «Горельник» тау-туристік базасының жалпы ауданы 3,87 га құрайды.

Жыл бойы студенттер және туризм және сервис кафедрасының ПОҚ «Каймар» және «Горельник» базаларына 5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының шеңберінде туристік-спорттық даярлықты жетілдіру үшін мезгіл сайын шығып тұрады,  және сонымен бірге, жаз мезгілінде жазғы туристік-палаткалық лагерьлер ұйымдастырады  (80 –нен астам адамға арналған құрал-саймандар бар), ол жерде студенттер Іле Алатауы аумағы бойынша категориялық жорықтарды ұйымдастыру үшін тәжірибе жүзінде туризмнің белсенді түрлері бойыенша білік және дағдыларын бекітеді.

IMG_1925 DSCN3106 IMG_5470

f-3«MarkInnHotel» қонақ үйі: Алматы қаласы, Марков көшесі 45-а мекен-жайында орналасқан. ҚТА және Алматы қ. Туризм басқармасы жүргізген конкурс нәтижесі бойынша «MarkInnHotel» хостелі Алматы қаласындағы хостелдердің ТОП-5 рейтингінде 3 орынды иеленді.

f-4

Қонақтарға тегін Wi-Fi бар жайлы нөмірлер және тегін жеке тұрақ ұсынылады. Жалпы төсек-орын саны 70 бірлікті құрайды. Жеке немесе жалпыға арналған бөлмелері бар нөмірлер ықшамды үрдісте жабдықталған. Кейбір нөмірлердегі жайлылық қатарына тоңазытқыш, үтіктеу керек-жарақтары және ағылшын тілінде арналары бар теледидар кіреді. Бұдан бөлек, қонақтарға жеке құлыптанатын шкафтар ұсынылады. Қонақ үй темір жол вокзалынан 6 км және Халықаралық Алматы әуежайынан 20 км қашықтықта орналасқан. Отель 5 жыл бойы қызмет етеді және туризм және сервис кафедрасы студенттері мен қызметкерлерінің еңбегінің арқасында едәуір жоғары беделге

«Академик-Апарт» хостелі ҚазСТА-ның бас корпусы жанында, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 13 мекен-жайында орналасқан. Хостелдегі жалпы орын саны 33 бірлікті құрайды.

Хостелдің жалғыз категоиялық «люкс» нөмірінің негізінде оқу сыныбы бар (туризм және сервис кафедрасының базасы), ол жерде 5В090200 «Туризм» мамандығының студенттері жиыстыру амалдарына машықтанады және нөмірдің қонақтарды қарсы алуына даярлайды.

«Академик-Апарт» хостелі Қазақстан Республикасындағы орналастыру орындары талаптарын ескере отырып жобаланған және жабдықталған. «Академик-Апарт» хостелінде бюджетті баға саясатына қарамастан жайлы және қауіпсіз қонып шығуға, қонақтардың өз бетінше тамақтануын ұйымдастыруға қажетті мүмкіндіктер, мини-кір жуатын жер және тегін Wi-Fi бар. «Академик-Апарт» хостелінің жалпы қонаққа арналған асханасы заманауи плиталармен, қысқатолқынды пештер және тоңазытқыштармен жабдықталған.

http://aapart.kz/

IMG_75855В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы болйынша тәжірибелік сабақтарға арналған «Мейрамхана ісі», «Бар ісі», «Гастрономилық туризм» пәндерінің шеңберінде  база ретінде ҚазСТА жанынан ашылған,  жеке «LOFT» мейрамханасы қолданылады. Ол Тимирязева 13 мекен-жайында орналасқан. Мейрамхананың жалпы ауданы 400 ш.м. құрайды. Отырғызылатын орын саны – 100 бірлікті құрайды.

IMG_7634«LOFT» мейрамханасында керемет жабдықталған асхана, қазіргі заманғы мейрамхана өнеріне қажетті аспаптар мен жабдықтармен жабдықталған:

– ет цехы (қой, сиыр, шошқа етін мүшелеу ережелері, құс еті және балықпен жұмыс);

– кондитерлік цех (нан өнімдерімен жұмыс істеу ережелері, наубайханалық өндіріс);

– бар ісіне үйрету (барлық керек-жарақтарымен жабдықталған заманауи бар бағанасы).

Бұдан бөлек, туризм және сервис кафедрасының жаттығуларына арналған жалпы сыйымдылығы 45-50 адамға өз саласының мамандарын шақыртып шеберлік сабағын жүргізуге арналған мамандандырылған екі бөлме бар.

DSCF3886Туризмнің ғылыми-зерттеу институты (Туризм ҒЗИ). 2013 жылы ҚазСТА зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, басымшыл бағыттары бар бас ұйым ретінде («Туризм» кластері) туризмнің ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын жандандырды.

Туризм ҒЗИ ғылыми зерттеулерінің бағыттары ҚР ресурсты туристік әлеуетін бағалау, туризмнің нақты дамуына талдау жасау және туризмнің әртүрлі саласына кадрлар даярлау бойынша теориялық және қолданбалы мәселелер болып табылады. Туризм және сервис саласында еңбек нарығын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізіледі, Ұлы Жібек жолының қазақстандық теліміндегі туристік-рекреациялық зерттеулер жүргізіледі. Мұндай зерттеулердің нәтижелері туристік фирмалармен және басқа ұйымдармен өз қызметінде қолданылады, мысалы, туристік бағдарламалардың мастер-жоспарларын жасау үшін, ішкі және сыртқы, кіру және шығу туризмі үшін де.

DSCF3845

Туристік ақпараттық-әдістемелік орталық (ТАӘО). 5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы аясындағы ТАӘО қызметінің негізгі бағыттары:

– Ғылыми және ұйымдық-әдістемелік жұмыс: ҚР өңірлері бойынша жолсілтеуіштерді қоса алғанда, ақпараттық және әдістемелік туристік-экскурсиялық материалдарды әзірлеу, жариялау, тарату;

– Тұрақты жұмыс істейтін курстар аясында ҚазСТА студенттерін  саяхаттану және музейтану бойынша мамандандырылған базада оқыту: экскурсия жетекшілерін; аудармашы гидтерді; туризм нұсқаушыларын; туризм, қонақ үй және ресторан бизнесіндегі барлық деңгейдегі қызметкерлер үшін сертификатталған семинарлар жүргізу;

DSCF3857– Кәсіпорындар мен ұйымдарға, жоспарлы және әрекетшіл туристерге, білім беру мекемелеріне туристік-экскурсиялық қызметтер ұсыну. 

Туризмнің мамандандырылған түрлері бойынша қосымша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін  туризм және сервис кафедрасының студенттері мен ПОҚ-ы спорт ҒЗИ зертханасын пайдаланады. Ол негізінен Швейцария мен Германияда өндірілген, туристерді жарыстардың түрлі санаттарына дайындықты қамтамасыз етуге арналған ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық міндеттерді орындауға қамтамасыздандырылған  ерекше ғылыми-зерттеу жабдықтарымен жабдықталған.

Туризм және сервис кафедрасының студенттері мен ПОҚ-ы өздерінің ғылыми зерттеулерін спорт ҒЗИ негізінде орындайда, келесі пәндер шеңберінде: «Туристік-спорттық даярлық», «Белсенді туризм түрлерінің техникасы және тактикасы», «Спорттық туризм», сонымен қатар ғылыми жұмыстар, дипломдық жұмыстар жазу кезінде және категориялық жорықтарға даярлық барысында, онда келесі ақпараттық аспаптарды пайдаланады: электро-велоэргометр, кардиограф, иммунно-ферментті талдауыштар, қан құрамының қышқылды-сілтілі  құрамы көрсеткіштерін, компьютерлік бағдарламалар, пульсометрлер және т.б.