халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық

6М090200 «Туризм» білім беру бағдарламасымен білім алатын магистранттар Қазақ спорт және туризм академиясының 40-дан аса ЖОО әріптестерінің келесі ауысу базаларына қатысуға мүмкіндіктері бар. Шетелдік оқу орындарымен серіктестік туралы жасасқан келісімшарттар, осы білім беру бағдарламасымен қарастырылған студенттердің шет тілін тереңдетіп оқу мүмкіндігі түлектердің жоғары жалпымәдениеттік және кәсібилік құзыреттілік деңгейін және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Мысалы, сыртқы академиялық мобильділік аясында 6М090200 «Туризм» мамандығының 2 курс магистранты Жарқынбеков Нұржан LITHUANIAN SPORTS UNIVERSITY (Каунас қаласы, Литва) оқу орнында барлық пәндерді меңгерді және осы ЖОО-ның 30 ECTS көлеміндегі жобаны қорғап шықты. PhD ректоры Б.К.Закирьянов Литвалық спорт университетінің басшылығынан (Каунас қаласы) 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша магистранттарды сапалы даярлағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.