Мекен-жайы:
TIMTS KazAST,
ҚР 050012,
Алматы,. Сейфуллин 551
Телефон: 8 (727) 267-59-25
Веб-сайт: timc.kz
ТУРИЗМНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
.
Лютерович Олег Григорьевич
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ спорт және туризм академиясының ғылыми-зерттеу институтының қасындағы туристік ақпараттық-әдістемелік орталығындағы туризмнің жетекшісі, туризм және сервис кафедрасының аға оқытушысы. Жоғары санатты экскурсовод. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм қызметкері, экскурсиятану аймағының жетекші маманы, экскурсиятану ісі бойынша оқу-әдістемелік құралдардың авторы отандық ғылыми Алтын қордың ең үздік оқу-әдістемелік басылымының дипломына ие болған, Алматы туристік аймақ бойынша экскурсия әзірлеуші. 2008 – 2014 – Қазақстандық туристік қауымдастықтың сарапшысы. Туризм және қонақжайлылық саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысу (ҚР туризм және спорт Министрлігінің туризм Комитетінің тапсырысы бойынша, Алматы. 2010 ж.). Қазақстанның бес облысында зерттеу және туристік кластерін әзірлеп құруға қатысуда. Біліктілікті арттыру бойынша 40-тан астам дипломдар мен сертификаттарды иеленуші.
Оразымбетова Бакытхан Камаловна
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм қызметкері, Қазақ спорт және туризм академиясының ғылыми-зерттеу институтының экскурсовод-әдіскері, ЮНЕСКО-ның МММ мүшесі, Қазақстан Республикасының ИКОМ мүшесі, “Гидттерді Жібек жолы мұрасын оқыту бойынша нұсқаушы”, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” мега-жобасының сарапшысы. Жоғары санатты экскурсовод. 2003 ж., 2013 ж., 2016 ж. “Үздік экскурсовод” атағының иегері. Мұражай ісінің жетекші маманы, экскурсиятану ісі бойынша оқу-әдістемелік құралдардың авторы отандық ғылыми Алтын қордың ең үздік оқу-әдістемелік басылымының дипломына ие болған, Қазақстанның туристік аймақтары бойынша экскурсиялық маршруттар әзірлеуші.