мамандығы: 5B091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»  білім беру бағдарламасының мақсаты, Мемлекеттік білім беру стандартының 5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»  мамандығы бойынша талаптарына сәйкес,  оқу бітіруші түлектің менеджер ретінде жұмыс берушілердің талабына сай,  ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді есепке ала отырып қонақ үйлерде және мейрамханаларда қызмет көрсетуді ұйымдастыратын кәсіби қызмет саласына дайын болуы, түлектерге деген сұраныстың болуы  болып табылады.

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»  білім беру бағдарламасының басты мақсаты

  • кадрларды ғылыми, негізгі және кәсіби тұрғыдан үйлесімділік негізінде қонақ үй жен мейрамхана бизнесі саласында жемісті жұмысқа дайын менеджерлерді даярлау болып табылады;
  • олардың әлеуметтік жылдамдығына және еңбек нарығында тұрақтылықтарына болымды әсер ететін  пәндік-мамандандырылған  және әмбебап  дағдыларға үйренулеру үшін жағдай жасау;
  • оқу бітіруші түлектердің әлеуметтік –жеке қасиеттерін қалыптастыру: мақсаткерлік, еңбекқорлық, ұжымда жұмыс істей білу қасиеті, өз кәсіби қызметінде соңғы нәтижеге жауапкершілік алу, байланысқа бейімділік, азаматтылық, шыдамдылық;
  • олардың жалпы мәдениетін арттыру, өздігінен жаңа білім және дағдылар үйрену және қолдану қабілеттерін арттыру болып табылады.

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»   мамандығының кәсіби қызмет жасау саласы, қонақжайлылық және туризм индустриясы, сонымен қатар ғылым, білім,   мемлекеттік бақылау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесімен  тікелей немесе жанама түрде байланыста болатын адамдардың басқа да қызмет салалары болып табылады.

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»  мамандығы бакалавры кәсіби қызметінің нысандары келесілер болып табылады:

  • қонақ үй бизнесімен байланысы бар мемлекеттік  басқару органдары (министрліктер, әкімшіліктер, олардың аймақтық  бөлімдері мен құрылымдары);
  • мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесімен айналысатын  жеке және мемлекеттік компаниялар;
  • тамақтандыруды ұйымдастырумен байланысты кәсіпорындар, қызмет көрсету саласы (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа да құрылымдар);
  • мүлік, мүліктік кешендер (мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар) және  де қонақ үй саласының басқа да нысандары;
  • тамақтандыру ұйымдарында тамақтандырудың, маркетингтің даму мәселелерін зерттеумен айналысатын ұйымдар, зерттеуші ұйымдар;
  • қонақ үй шаруашылығы бойынша орта буын мамандарын даярлайтын оқу орындары;
  • мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесінде ішкі және сыртқы нарыққа қызметтерді алға қоятын жарнама агенттіктері;
  • ақпараттық қорлар және жүйелер, автоматтандырылған ақпарат жүйелері мен олардың технологияларын қамтамасыздандыратын құралдар және т.б.;
  • ЖОО кеңесі бекіткен мамандықтармен  байланысы бар басқа да ұйымдар мен компаниялар.

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»  білім бағдарламасының мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • өндірістік-технологиялық;
  • сервистік;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру (педагогикалық).

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»    білім беру бағдарламасы 23.08 2012 жылы шығарылған ҚР № 1080 МЖМБС, 2013 жылғы әдеттегі оқу жоспары бойынша, және элективтік пәндер каталогының негізінде (ЭПК) дай   ындалған, бұл бағдарлама  5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру  бағдарламасы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелердің және қысқаша мазмұнының (негізгі бөлімдердің), білім беру мақсатының сипаттамасы болатын жүйелендірілген аннотациялық тізімі болып табылады.

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасында студент жұмысының біртұтастық тұрғысынан семестрлер бойынша пәндердің  пайдалы үлестірілуін, инновацияларды енгізумен сабақтасып кезекті оқытылуын, ҚазСТА кадрлік және материалды-техникалық әлеуетін жұмыс берушілердің мүдделері мен талаптарын есепке ала отырып тиімді қолдануы қамтамасыз етілген.

1 семестр  2 семестр 
  1. Философия
  2. Информатика
  3. Қазақ (орыс) тілі
  4. Шет тілі
  5. Құқық негіздері
  6. Экономикалық теория негіздері
  7. Математика
  8. Мамандыққа кipicпe
  9. Дене шынықтыру
  1. Қазақстан тарихы
  2. Әлеуметтану
  3. Саясаттану
  4. Экология және тұрақты даму
  5. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  6. Қазақ (орыс) тілі
  7. Шет тілі
  8. Халықаралық туризм географиясы
  9. Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы
  10. Дене шынықтыру
  11. Оқу іс-тәжірибесі
3 семестр  4 семестр 
  1. Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  2. Мейрамханалық және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері
  3. Бухгалтерлік есеп және аудит
  4. Қызмет көрсету технологиясы және сервис
  5. Микро және макроэкономика
  6. Кызмет көрсету аясындағы шет тілі
  7. Қонақ үй бизнесіндегі сервистік қызмет
  8. Дене шынықтыру
  1. Қонақ үй, мейрамхана және бар психологиясы
  2. Мейрамхана ici мен қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және жоспарлау
  3. Мейрамхана ici мен қонақ үй шаруашылығыньң инфракұрылымы
  4. Қонақ үй  бизнесінің халықаралық индустриясы
  5. Мейрамхана iciнің халықаралық индустриясы
  6. Тереңдетілген шет тілі
  7. Қызмет көрсету аясындағы маркетингтік зерттеулер
  8. Қызмет көрсету аясында жаппай ic-шараны өткізу
  9. Дене шынықтыру
5 семестр  6 семестр 
  1. Кәсіби бағытталған шет тілі
  2. Қызмет көрсету аясындағы стандартизация және сертификация
  3. Бар ici
  4. Қызмет көрсету аясының материалды-техникалық базасы
  5. Іскерлік этикет
  6. Қазақстандағы мейрамхана ici
  7. Қазақстандағы қонақ үй бизнесі
  8. Дене шынықтыру
  1. Қонақжайлылық кәсіпорынның экономиқасы
  2. Қызмет көрсету аясындағы жарнама
  3. Қызмет көрсету аясында қызметкерлерді басқару
  4. Мейрамхана ici және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент
  5. Бизнес-шет тілі
  6. Қызмет көрсету аясындағы қауіпсіздік менеджменті
  7. Гастрономиялык туризм
  8. Дене шынықтыру
7 семестр  8 семестр 
  1. Ойын-сауық индустриясы
  2. Қызмет көрсету аясындағы логистика
  3. Fылыми-зерттеу қызметі
  4. Іскерлік шет тілі
  5. Қызмет көрсету аясындағы есеп және есеп беру
  6. Қызмет көрсету аясындағы жаңа ақпараттық технологиялар
  7. Дене шынықтыру
  1. Өндірістік іс тәжірибе
  2. Дипломалды ic-тәжірибе
  3. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан
  4. Диплом жұмысын (жоба) жазу және қорғау

5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы  әлеуметтік және кәсіби дағдыларға қойылатын  кәсіби және ғылыми талаптарға сәйкес құрастырылған. Бағдарламаның жүзеге асырылуының нәтижесі ретінде, Болон үдерісінің терминоголиясында қарастырылғандай  дескрипторлар арқылы сипатталатын түлектің  маңызды дағдылары саналады.