мамандығы: 6D090200 «Туризм»

6D090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының мақсаттары:

  • докторанттарды даярлау деңгейіне қатысты міндетті талаптарды орындаумен ЖОО кейінгі кәсіби білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;
  • докторанттарды даярлайтын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;
  • докторантурада оқитындардың құқықтары мен жауапкершілігін реттеу, өз бетінше оқу, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметін іске асыруларына ынталандыру;
  • Қазақстан Республикасының “Философия докторы (PhD)” және “Қызметтер докторы” академиялық дәрежелерін беру туралы құжаттарын халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында мойындауды қамтамасыз ету.

6D090200 Туризм мамандығы бойынша докторантура білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

Қызметтер докторлары:

  • ел ішінде, сондай-ақ, халықаралық туристік еңбек нарығында қажетті отандық қызметтер докторларын даярлау;
  • туризм саласындағы әлемдік білім беру кеңсістігімен бірігу, академиялық жұмылғыштықты қамтамасыз ету;
  • білім беру үдерісіне заманауи технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарын енгізу, тәжірибелік бағыттың басымдылығымен оқыту траекториясын дараландыру арқылы жетекшілік ететін буын мамандарын теориялық және практикалық даярлау сапасын қамтамасыз ету.

Философия докторлары(PhD):

  • туризм саласы үшін ЖОО және ғылыми ұйымдар базасында қызмет етуді қарастыратын, біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кардрларды даярлаудың жаңа үлгісін енгізу;
  • жинақтаушы кредиттік білім беру жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш деңгейлік жүйесінің аяқталуы нәтижесінде білім беру үдерісінің үздіксіздігі мен бүтіндігін қамтамасыз ету;
  • оқытудың заманауи технологиялары мен еңбек нарығының сұранымына сәйкес білім беру бағдарламаларының жұмылғыштығы мен жаңаруы негізінде PhD докторларын мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;
  • туризм зерттеулері саласында отандық ғылыми мектеп құру, оның ішінде, географиялық, әлеуметтік-экономикалық, эколого-туристік бағыттарды қоса, аралас салалар мен ғылымдар түйісуінде.
  • қазақстандық ғалымдардың халықаралық аккредитацияланған докторлық бағдарламалары бар жетекші шетелдік ЖОО бірге серіктестікте шығармашылық ғылымиы әлеуетін дамыту және іске асыру.

6D090200 білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау кезінде түлектердің сапасына қатысты басым талаптар – әлеуетті жұмыс берушілер қажет ететінжәне МЖМБС талаптарына сай құзіреттер болып табылады. 6D090200 – Туризммамандығы бойынша PhD докторының басты құзіреттеріне қойылатын талаптар:

Қызметтер докторы тиісті:

  • туризм мен қонақжайлық және байланысты салалардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағыттарын қоса, заманауи ғылым дамуы туралы, салалық және салааралық ғылыми зерттеулерды ұйымдастыру жүйесі туралы, зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жоспарлау ұстанымдары туралы ұғымының бар болуы.
  • келесілерді: туризм туралы іргелі білімнің қалыптасу беталыстары мен механизмін, теориялық және қолданбалы міндеттері шешу, өндірістік үдерістерді оңтайландыру, стратегиялық жоспарлау және оперативті басқарукезіндегі жүйелік тәсілдеменің негізгі ұстанымдарын, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынасу тілін және шетел тілдерінің бірін ұйымдастырушылық-басқарушылық, коммуникативті және кәсіби қызметке байланысты басқа міндеттерді тиімді шеше алуға мүмкіндік беретін деңгейде білу;
  • туристік кәсіпорын, мекеме, ұйым қызметін жоспарлау, іске асыру және үйлестіруді, жобаларды сараптамалық бағалауды орындауды, инновациялық идеялар тудыруды және оларды кәсіби тыңдаушылар алдында қорғай білу;
  • келесі дағдыларға ие болу: туристік өнім ерекшелігін есепке алумен, жалпы өндірістік үдерісті және оның қарапайым құрауыштарын жоспарлау және ұйымдастыруды, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өндірістік үдерістерді оңтайландыруды, жағдайды, патенттік зерттеулерді, туризм саласындағы маркетингтік зерттеулерді сыни талдауды, іскерлік келіссөздерді қоса, коммуникативтік қатынасуды;
  • құзіретті бола білу: инновациялық тәсілдемелерді қоса, кәсіби қызмет, мамандардың жұмыс істеуге қабілеті бар командасын құру мәселелерінде, туристік қызметтер нарығындағы бәсекелес күрес стратегиясы мен тактикасында, халықаралық туристік құқықты қоса, нормативтік-заңнамалық базада, инвестициялар мен басқа қаржыландыру көздерін тартуда, бастамашылық пен жетекшілік қасиеттерін, кәсіби жауапкершілікті, өзін-өзі кемелдендіруді білдіруде және біліктілікті жоғарылатуда, кәсіби білім мен дағдыларды жаңалауда.

Философия докторы(PhD), міндетті:

  • келесілерге ие болуға: ғылымды ұғынудың философиялық әдістемесін білуге мүмкіндік беретін іргелі ғылыми дайындыққа, туризм жүйесінің ғылыми зерттеулерінің заманауи теориялық және тәжірибелік әдістерін өткізу дағдыларына; туримді зерттейтін ғылымдар кешенін, және туризм жайлы жаңа кешенді ғылым – туризмологияны түсінуге; жалпы заманауи ғылымның дамуы жайлы ұғым, туризмнің ғылым ретіндегі беталыстары мен даму бағыттары жайлы; қазақстандық және әлемдік туристік ғылым туралы; ғылыми қоғамдағы өзара әрекеттестік нормалары туралы; туризм саласындағы халықаралық ғылыми қызмет бағыттары туралы; ғылыми-зерттеу туризмнің ғылыми этикасы жайлы түсінікке ие болуға;
  • келесілерді білуге және түсінуге: GDS және ГИС-технологияларды қоса, заманауи ақпараттық технологияларды,мәліметтер қорларын басқару жүйелерін және туризм индустриясының қолданбалы міндеттерін; әлемдік қоғамдағы туризм дамуының беталыстары туралы заманауи білімге және ұғымға ие болуға; іргелі ғылыми дайындыққа ие болуға; туризм индустриясы мен қонақжайлықты жүйелік түсінуді көрсетуге, ғылыми зерттеулер әдістерін жетік білуге;
  • жүйелік тәсілдеме мен орынды әдістемелерді қолданумен, туризмді көп салалы халық шаруашлық кешені ретінде зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды және жүргізуді; ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлауды, әзірлеуді, іске асыруды және үйлестіруді; сыни талдауды, жаңа және күрделі идеяларды бағалауды және салыстыруды; білімі мен жетістіктерін әріптестері мен ғылыми қауымдастыққа хабарлауды; өзіндік шешімдермен, зерттеулермен, туризмнің ғылыми саласының шектерін кеңейте отырып, үлес қосуды білуге;
  • келесі дағдыларға ие болуға: тәжірибелік ғылыми қызметке; көпшілік алдында ғылымисөз сөйлеуге; ғылыми хат жазуға; ғылыми тілдесуге; ғылыми шараларға қатысуға, ғылыми шаралар ұйымдастыруға; патенттік іздеу жүргізуге; туризм индустриясы саласындағы зияткерлік құқықтарды қорғауға.
  • алғыр және құзіретті болуға: кәсіби ғылыми және инновациялық қызмет саласында; ғылыми теориялық және тәжірибелік зерттеулер өткізуде; тұлғааралық және мәдениет аралық тілдесуде, кәсіби қызметте бастамашыл және жауапты болуға; ақпараттық қызметте, туризмология бойынша кәсіби білімді үнемі жаңартуда; ғылыми пікірталас жүргізуге мүмкіндік беретін деңгейде шетел тілдерінің бірін білуге, импакт-факторы жоғары шетелдің басылымдарында ғылыми материалдар жариялауға.

Докторлардың кәсіби қызметінің объектілері келесілер болып табылады:

Қызметтер докторлары: Қазақстан Республикасының туризм бойынша уәкілетті органын, олардың шетелдік өкілдіктері мен орындардағы бөлімшелерін қоса, мемлекеттік және шаруашылық басқарудың жоғары деңгейлері, сонымен қатар, кеңес беру, сараптамалық және туризм мен қонақжайлықтың басқа да кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіподақтар және халықаралық туристік ұйымдар, қауымдастықтар, мекемелер, ақпараттық туристік орталықтар.

Философия докторлары (PhD): ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу зертханаларын қоса, ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау-іздеу және жоспарлау ұйымдары, жоғары оқу орындары.

Қызметтер докторлары кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: болашақты жоспарлауды қоса, өндірістік-басқарушылық, мониторингтік, сараптамалық, кеңес беру, жарнамалық-ақпараттықты қоса, маркетингтік, ұйымдастырушылық-басқарушылық.