Мамандығы: 6M090200 «Туризм»

Ғылыми жобаларды, академиялық мобильділікті арттыру, ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыруды бірлесе жүзеге асыруда Қазақ спорт және туризм академиясының 30 ЖОО-әріптестері қатысуда. Есепті кезеңде 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша 40 магистрант шетелдік ғылыми тәжірибеден өтті . Атап айтсақ:

2012-2013 оқу жылында 2013 жылдың 20 мен 26 мамыр аралығында магистрант Г.Құлахметова «Университеттік спорт: Ұлт денсаулығы мен гүлденуі» тақырыбы бойынша «Latvian academy of sport education» (Латвия, Рига қаласы) оқу орнында тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша сертификатқа ие болды;

2013-2014 оқу жылында 6 магистрант тәжірибеден өтті:

– 2014 жылдың 14 мен 19 ақпан аралығында магистрант А.Абулов «Туризм» бағыты бойынша «Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм академиясында» тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша тәжірибеден өту туралы растау хат алынды;

– 2014 ж1 - 0009ылдың 20 мен 28 ақпан аралығында магистранттар В.Сморчков, А.Байзақова «Туризм» және «Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі» бағыттары бойынша «Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм академиясында» тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша тәжірибеден өту туралы растау хат алынды;

– 2014 жылдың 19 мен 26 маусым аралығында магистранттар Е.Агеева мен Л.Фомина «Туризмдегі маркетингтік коммуникациялар» тақырыбы бойынша «Халықаралық Балтық академиясында» тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша магистранттар сертификаттарға ие болды;

– 2014-2015 оқу жылында 24 магистрант тәжірибеден өтті:

1 - 0001– 2014 жылдың 23 қазаны мен 1 қараша аралығында магистрант М.Степанов «Тәжікстан дене шынықтыру институтында» «Университеттік спорт: ұлт денсаулығы мен гүлденуі» тақырыбында тәжірибеден өтті.  Тәжірибе барысында «Спорт теориясы мен дістемесі», жаттығу шаралары» лекциялық сабақтары өтті және конференцияларға қатысты. Тәжірибе қорытындысы бойынша М.Степанов сертификатқа ие болды;

– 2014 жылдың 8 мен 19 желтоқсан аралығында магистрант А.Мейірбекова Испанияда «Коста де Валенсия мектебінде» (Валенсия қаласы) тәжірибеден өтіп, сертификатқа ие болды;

– 2015 жылдың 24 ақпаны мен 6 наурыз аралығында магистранттар А.Тулапина, М.Жүнісова, А.Романова, Е.Мукубаев, Л.Яценко, У.Тагманов «Туризм академиясында» (Қырғызстан, Бішкек қаласы) тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша тәжірибеден өту туралы растау хат алынды;

– 2015 жылдың 10 мен 18 наурыз аралығында магистранттар Д.Масымходжаева, С.Молдияров, А.Ибраимова, Н.Нұрғалиева, Д.Жақсыбекова, Г.Жайхарова магистрлік диисертация жұмысы аясында «Халықаралық Балтық академиясында» тәжірибеден өтті. Тәжірибе көлемі 40 академиялық сағат. Тәжірибе қорытындысы бойынша барлық магистранттар сертификаттарға ие болды;

– 2015 жылдың 8 мен 15 шілде аралығында магистранттар Т.Абрамова, К.Молдиярова, А.Алишова, А.Губаренко, Ю.Гончарова, А.Гереева, Н.Б.Сәтбай, Н.Б.Нұрымбетов, К.С.Егізбаев, А.У.Болысбаева «Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік мектеп» аясында «Туризмдегі менеджмент және маркетинг» тақырыбы бойынша «Халықаралық Балтық академиясында» тәжірибеден өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша барлық магистранттар сертификаттарға ие болды.

– 2015-2016 оқу жылында тәжірибеден өтті:

– 6М090200 «Туризм» мамандығының 1 курс магистрі С.Миниханова 2015 жылдың 13 мен 24 қыркүйек аралығында Израилде «Қзақстан тұрғындарына туристік өнімдерді құрастыру және Израиль мен Италияға туризм және емделу мақсатында бару» тақырыбы бойынша курстарда тәжірибеден өтті.

Миниханова– 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша 1 курс магистранты С.Миниханова 2015 жылдың 11 мен 18 желтоқсан аралығында мәдениетаралық тренинг пен семинарда оқудан өтті: «Германия мен Чехиядағы тіл курстары мен білім алу мүмкіндіктері», көлемі 72 сағат (Прага қаласы).

– 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша 1 курс магистранты С.Миниханова 2016 жылдың 14 мен 22 қаңтар аралығында ECI TELECOM компаниясының Израильдегі халықаралық семинарында оқудан өтті: «Маркетинг және сату арналары», көлемі 72 сағат.

Ғылыми тәжірибе барысында 6М090200 «Туризм» мамандығының магистранттары М.Степанов, Е.Агееве, А.Губаренко «Спорттық туризм», «Қонақжайлылық индустриясындағы Eventmanagement», «Туристік маркетингтегі визуалдық коммуникациялар», «Туризмдегі ел беделін қалыптастыратын ұлттық брендтер», «Визуалдық маркетинг: технологиялар, құралдар, стратегиялар», «Туристік технологиялардың тартымдылығын құрастыруға арналған маркетингтің әсер алу құралдары» бағыттары бойынша жоғары білімін көрсетті және жақсы оқуы үшін дипломдармен марапатталды.

1 1 - 0004