5В090200 «Туризм» мамандығы

5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының мақсаты ғылым негіздерін меңгерген, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар саласындағы білімі бар, туриз және қонақжайлылық индустриясын жаңғыртуға, туристік саланы мамлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге, туристік іс-шараларда алдын-алу және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауға, сонымен қатар, туризмге тікелей немесе жанама қатысы бар адам қызметінің басқа да салаларына бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асыра алатын жоғары білікті туристік кадрларды даярлау болып табылады.

5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының міндеттері болып табылатындар:

  • туристік білім берудің құрылымын, мазмұнын, технологиясын жетілдіре түсу;
  • туристік білім беру жүйесін ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатпен байланысын қамтамасыз ету;
  • студенттердің әлеуметтік – жеке қасиеттерін қалыптастыру: өз кәсібіне деген сүйіспеншілік, мақсатқа ұмтылғыштық, жинақылық, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, патриоттық, азаматшылық, толеранттық, байланыс тұрғызу қабілеттілігі, жалпы мәдениетін, ойлау жасампаздығын жоғарылату және т.с.с.;
  • студентке әмбебап, ғылыми және пәндік-маманданған құзыреттілікке ие болуына, оның әлеуміттік жұмылғыштығын және еңбек нарығындағы төзімдлігіне көмектесетін туристік білім берудің әдістік және әдістемелік мазмұнын күшейту.

5В090200 «Туризм»мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби міндеттерді шешуге тиіс:

  • ҚР және шетелдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, туристік қызметті болашақты және ағымды жоспарлау;
  • жаңа туристік қызмет түрлерін даярлау және ілгерілету;
  • басқарушылвқ үрдісін оңтайландыру мақсатында есепке алу және бақылауды ұйымдастыру;
  • туристік бизнестің әртүрлі саласында туристік қызмет көрсету бойынша жұмысты басқару;
  • тиімді туристік сатуларды арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  • туристік қызмет қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • туристік қозғалысты басқару саласындағы инновациялық іс-әрекет.

Бағдарламаның мақсаттары құзыреттілікпен анықталады, еңбек іс-әрекеті үрдісінде түлектермен жүзеге асырылады және бакалавриат түлектері дайындалатын тұтынушыларға кәсіби дайындық, бағдарламалар бағыттары және кәсіби іс-әрекеттердің түрлері салаларында ақпарат береді.

5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы түлегінің аәсіби қызмет ету саласы туризм және қонақжайлылық индустриясы болып табылады, сонымен қатар ғылым, білім, мемлекеттік реттеу және туризммен тікелей немесе жанама байланысты адам іс-әрекетінің басқа бағыттары.

5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша кәсіби қызмет нысандары болып табылатындар:

  • туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары; туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар;
  • туристік бағыттағы консалтингтік компаниялар;
  • туристік кәсіпорындардың маркетинг қызметтері;
  • туризм бойынша орта буын мамандарын даярлайтын оқу орындары;
  • туризмнің баму проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • сыртқы хәне ішкі нарыққа туристік қызметтерді ілгерілетумен айналысатын жарнама агенттіктері;
  • 6М090200 «Туризм» мамандығы бойынша магистратура;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша жүйені ұйымдастыру.

Кәсіби қызметтің мәні туризм нарығында туристік қызметті жоспарлау және жүзеге асыру болып табылады,сонымен қатар нарық үрдістері және онымен байланысты құбылыстар.

5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерн орындай алады:

  • ұйымдастыру-басқарушылық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • сервистік-пайдаланушылық;
  • ғылыми-зерттеушілік;
  • білім берушілік;
  • туристік-рекреациялық;
  • профилактикалық және іздестіру-құтқарушылық.

5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы ҚР 23.08.2012ж. № 1080 МЖМБС,  2013жылдың Типтік оқу бағдарламасына сәйкес және барлық пәндердің жүйелендірілген аннотациялық тізімін білдіретін, олардың оқу мақсатын көрсете отырып, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдердің) және 5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін оқу нәтижелерін қамтитын Элективті пәндер каталогінің (ЭПК) негізінде жүзеге асырылады.

5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының базалық оқу жоспарларын (БОЖ) даярлау оқу үрдісін ұйымдастыру барысында қатынас құзыреттілік қағидаларына және жооның академиялық еркіндігіне,  5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының икемділігі мен жұмылғышытығына негізделген.

ҚазСТА 5В090200 «Туризм» білім беру бағдарламасының ерекшелігі, студенттердің оқу траекториясы бойынша дайындық барысында кәсіби бағытты таңдау мүмкіндігінде:

  •  «Халықаралық туризм: туризм және бизнес индустриясы» оқу траекториясы.
  •  «Спорттық және емдік-сауықтыру туризмі» оқу  траекториясы.