Оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыс мемлекеттік білім стандартына сәйкес жүргізіледі. Кафедрада ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарына  қатысты барлық құжаттар, атап айтқанда, кафедра мәжілістерінің хаттамалары, ашық сабақтарды талқылау хаттамалары, өзара сабаққа қатысу хаттамалары, жылдық есептер, оқытушылардың жеке жоспарлары, оқу жүктемесін бөлу және оның орындалуының есептері бар.

Педагогикалық процесс кредиттік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырылады, пәндердің барлық  оқу-әдістемелік кешені  білім беру бағдарламасы, оқу-жұмыс жоспары және элективті пәндер каталогы (студент таңдауы бойынша) негізінде әзірленеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы оқу үдерісіне жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуде.

Кафедраның профессорлары мен оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде көптеген түрлі оқулықтар, ғылыми еңбектер, әдістемелік нұсқаулар мен монографиялар әзірлеп, басып шығарды.

 

Кафедраның 2019-2023 жылдардағы оқу-әдістемелік жұмысы

 

2019 2020 2021 2022 2023
Оқу құралы  

 

4

 

 

 

Оқу-әдістемелік құралы 1 18
Қонақ дәрісі 3 4 5 8 5
ҚазАСТ конкурстарына қатысу

 

2 4 3 2 1
Әдістемелік семинарларға, вебинарларға, шеберлік сабақтарына қатысу

 

5 4 6 5 10