![]() |
04.12.22 ж Орал қаласында “Gaudeamus” білім беру орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық білім беру көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстаннан және жақын алыс шет елдерден 30-дан астам ЖОО қатысты, бұл көрмеге Қазақ спорт және туризм акакдемиясы “Туризм және сервис” кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Еспенбетовта қатысып, академиямыздың; 6В11101-“Туризм” 6В11102-“Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі” 6В11103-“Рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі” Білім беру бағдарламасын таныстырып қайтты! Көрмеге Орал қаласының және Батыс Қазақстан облысының мектеп түлектері қонақ болып, өз қызығушылықтарымен сұрақтар қойып, КазСТА жайлы ақпараттармен танысты. |