ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ

КЕЗДЕСЕРМІЗ БІР КҮНІ- АЙ,

ҚАЙ ЖЕРДЕ ҚАШАН БІЛМЕЙМІН.

ШЫР АЙНАЛҒАН ДҮНИЕ –АЙ,

ЖЫРАҚТА АЛЫС ЖҮР МЕЙЛІҢ.

Қазақтың спорт және туризм академиясы, туризм факультетінің 5В090200 «Туризм», 6М090200 «Туризм», 6D090200 «Туризм» и 5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандығына қош келдіңіз, мұнда болашақ туризм мамандары қазіргі заман мен ежелгі заман, шығыс дәстүрлері – батыс жаңа сәнімен  көршілесетін, Еуразияның  дәл ортасындағы үлкен мемлекет Қазақстанды танып біледі!  Сізді Қазақстанның ежелгі  мәдениеті және тамаша табиғаты қызықтырары сөзсіз. Қазақстан – бұл қорғалатын аумақтар, тамаша көріністер, әсерлер.

Туризм бұл Қазақстанның  орта және  шағын бизнес саласының ең табысты саласы. Мұндай маусымдық қызмет түріне қарамастан жыл сайын елімізде туристік фирмалардың саны артуда. Туристік бизнес пен  қонақжайлылық саласында  арнайы мамандықсыз жұмыс істеу мүмкін емес,   сондықтан  жоғары білікті  мамандарға деген сұраныс өте жоғары.

2000 жылғы 17 наурыздағы №36 ОК Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының бұйрығымен  туризм және сервисті басқару кафедрасы  бөлінді, сонымен қатар  туризм факультеті құрылды.

Осы жылдарда  жоғары оқу орнында отандық туризмді дамытуға әсер ететін фактолрларды және осы бизнестің  келешектегі бағыттарын анықтайтын туризм индустриясының мамандарын даярлау тұжырымдамасы құрылды. Мемлекеттік білім стандарты студенттер мен оқытушылардың  қатысуымен, жаңашыл туристік  жобалар арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мамандықты оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге  заманауи рекреациялық  ресурстарды білуді, Қазақстанның әртүрлі аймақтарының және шетелдің туризмінің даму  мүмкіндіктері мен ерекшеліктері; заманауи туризмнің  география туралы базалық білімін  қалыптастыру; Қазақстан территориясында мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесінің  ерекшеліктерін; еңбек нарығында бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін заманауи кәсіби білімі мен құзіреттіліктерін иеленген  жоғары білікті  мамандарды даярлауды оқыту.

Біздің бітіруші түлектердің кәсіби қызметінің нысандары туризм, туризм және сервис саласындағы мекемелер, шипажайлар мен санаторийлар, туристік және жарнама агенттіктері, қонақ үй,  мейрамханалар және ақпараттық технологиялармен байланысты мекемелер болып табылады.